Теңге нығаюын жалғастырып жатыр. Freedom Broker сарапшылары мұның негізгі себептерінің бірі доллардың тым көп сатылып кеткені екенін айтты. 

«Теңгенің өсуінің негізгі триггерлері – Ұлттық банктің ауқымды валюта сатуы және жоғары базалық мөлшерлеме аясында мемлекеттік облигацияларға қызығушылық танытқан резидент еместердің белсенділігі. Теңгенің нығаюына қарсы тұратын тәуекелдерге: Ұлттық банктің кері интервенциясы/доллар сату көлемін әдейі азайтуы немесе мұнай экспортындағы күтпеген жағдайлар, мысалы, Новороссийскідегі мұнай жөнелту айлақтарындағы апаттар жатады», – деді Freedom Broker мамандары.