Қаңтар-ақпан айларында Қытайдан 10,1 мың көлік әкелінді. 2023 жылдың сәйкес кезеңінен екі есе дерлік немесе 4,8 мыңға көп.
2 айда әкелінген көліктердің жалпы саны 20 мың болды. Яғни, елге шетелден жеткізілген әрбір екінші көлік Қытайдан шыққан. Салыстырыңыз: 2023 жылдың соңында біз әрбір үшінші көлік қытайлық болған.
Қытайдан басқа тағы үш ірі экспорттаушының сатқанын қосса да Қытайды қуып жете алмады. Олардың үлесі 42%:
- АҚШ – 19% (3,7 мың);
- Жапония – 15% (3 мың);
- Корея – 8% (1,6 мың).
Бір қызығы, ақшалай есептегенде Қытай көлігі импорты онша өспеген. Қаңтар-ақпандағы деңгей $129,5 млн (+43% немесе $39 млн). Мұндай динамика онсыз да қымбат емес қытайлық көліктердің қолжетімділігінің артқанын көрсетеді.
Айтпақшы, Қытайдың импорт құнындағы үлесі айтарлықтай байқалмайды – 38%.