Қазақстандықтардың шетелде еңбек ету белсенділігі біртіндеп төмендеп келеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылғы шілденің басында шет мемлекеттерде 126,5 мыңнан астам азаматымыз жұмыс істеген.

Негізгі бағыттар

Миграция комитетінің төрағасы Әсет Шоновтың айтуынша, қазақстандық еңбек мигранттарының басым бөлігі Ресейде – 102,5 мың адам. Бұдан кейінгі орында:

Оңтүстік Корея – 15,8 мың,

БАӘ – 3 мың,

Ұлыбритания – 1,9 мың.

Бұл көрсеткіштер 2023 жылдан бері сыртқа жұмыс іздеп шығатындардың азайып келе жатқанын аңғартады.

Ішкі көші-қон

Министрліктің дерегінше, кейінгі екі жыл қатарынан Қазақстанда миграция сальдосы оң болып отыр. 2025 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша, елге келгендер саны кеткендерден 7,7 мың адамға көп:

келгендер – 11,3 мың,

кеткендер – 3,5 мың.

Негізгі келушілер – ТМД елдері мен Қытай азаматтары.

Әсет Шоновтың айтуынша, жалпы тренд оң болғанымен, жаһандану жағдайында білікті кадрлардың сыртқа кету қаупі сақталып отыр. Тек 2025 жылдың өзінде Ресейге – 8,7 мың, Германияға – 2 мың қазақстандық қоныс аударған.