Ұлттық статистика бюросының дерегінше, қазақстандық түлектердің мамандық таңдауында мына критерийлер маңызды:
- жақсы білімнің болуы тиіс (59,5%);
- жоғары біліктілік (44,6%);
- үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру 38,2%;
- таныстардың болуы (21,7%).
Алайда жастардың шетел асып кетуі еліміздің экономикасына әсерін тигізеді. Бір бөлігі елге оралса, қалған бөлігі өзге елде қалып, жұмыс істеуді жөн көріп жатады.
Білім саласының маманы Алма Қожанның айтуынша, отандық білім беру деңгейі әлемдік деңгеймен салыстырғанда артта қалған және Қазақстанда білім алуды көпшілік қолайсыз санайды.
«Халықаралық тұрғыда тағылымдардан өткісі келетін азаматтардың көпшілігі шетелде мүмкіндік көп екенін алға тартып, жылдан жылға оқу мақсатында өзге елге кететіндер көбейді. Себебі қазіргі таңда жаһандану заманында, технологияның дамуы арқасында көптеген стандарттар қалыптасты. Сондықтан да әрбір шетелде білім алған оқушының Қазақстанда жұмысқа тұру барысында мүмкіндігі басымдырақ. Өйткені бүгінде көптеген ірі компаниялар болсын, мемлекеттік мекеме болсын қоятын басты талптарының бірі – шетелдік тіл меңгеру, халықаралық деңгейдегі тағылымдардан өту», – деді, Алма Қожан.
Сонымен қатар, ол ҚР азаматтарының жыл сайын білім алу мақсатында шетел асуының елімізге еш зияны жоқ екенін айтты. Керісінше Қазақстанда жыл сайын мектеп бітірген 200 мың оқушыны грантпен қамту мүмкін емес, яғни мемлекет тек 20%-ы оқушынының ғана қаражатын өтей алады. Сондай-ақ, біздің ел шетелдік стандарттарға ұмтылғанымен, біршама университеттеріміздің қазірге дейін материалдық-техникалық қамту жағынан проблемалары бар.
Сол себептен де шетелде білім алып келген шамамен 10 мың азаматтың экономикаға пайдасы көп деген оймен бөлісті.
Бұдан бөлек, Алма Қожан шетелде білім алып келген студенттердің ұтымды жақтарымен бөлісті. Атап айтқанда, заманауи технологияларға сәйкес білім беру жүйесі, шет тілді жетік меңгеру, қаражылық сауат, жауапкершілік, өзге елдің мәдениетімен танысу шетелдік дипломы бар маманның бойынан табылатын қасиеттер.
Оған қоса, эксперт қазақстандықтардың таңдауы көбіне IT мамандықтар, менеджмент, медицина саласын таңдайтынын айтты.
Алма Қожан өзінің сөзін қорытындылай келе, жас түлектердің көбі оралады деді. Өйткені шетелдің мүмкіндіктеріне қарамастан, шетелде қазақтар иммигранттар болып қалады. Ол статуспен шетелде қалаған жұмысқа орналасу көп қиындық тудырады.
Жастардың біліктілігін арттырып, білімдерін толықтыру мақсатымен шетелде білім алуы ел экономикасына пайдасы мол. Жас мамандар елімізге оралғаннан кейін Қазақстанның білім деңгейін арттырады, білім берудің жаңа әдістерін енгізеді.
Boston University түлегі Бекмырза Бейсенов Алматы қаласындағы мемлекеттік мектепте физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол са-бақтарын ағылшын тілінде жүргізеді, әрі сабақ барысыныда практикаға көбірек көңіл бөледі. Оның айтуынша, жастардың шетелде білім алуының экономикамызға жалпы пайдасы орасан зор. Мысалы, мемлекет шет елдің мықты деген уни-верситеттерінде оқуға 3000 грант бөлді делік, әр грант құны шамамен $100.000. Осы 3000 адамның ішінен ең мықты 1-3 студенттің керемет стартап жасап немесе жаңалық ашу ықтималдығы жоғары. Осы 1-3 студенттің өзі-ақ 3000 студентке кеткен қаражатты мемлекетке толығымен салық ретінде қайтара алады. Оған қоса, бұл жаңа жұмыс орындары + жаңа өнім + жаңа ғылым болуы мүмкін.
Бекмырза Бейсенов мектептегі оқушыларды америкалық бағдарламамен оқытады. Оларға бағыт-бағдар беріп, тәжірибесімен бөлісіп келеді. Осылайша ол білім арқасында еліміздің экономикасының дамуына өз үлесін қосуда. Ал сіз қалай ойлайсыз, жас түлек-тердің шетелде оқып келуі Қазақстан экономикасына қолайлы ма?
Автор: Анэль Азимбаева