Зиянкестерімен күресуге 2024 жылы республикалық бюджеттен 8,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті.
«2023 жылдың маусымында шегірткенің таралу аймағының үлкен болуына байланысты биылғы жылы 2,5 млн гектар аумақта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ең көп таралу Ақтөбеде – 784 мың га, Қостанайда – 775 мың га және Түркістанда – 272 мың га облыстарда күтілуде. Айта кету керек, өңдеуді жүзеге асыру үшін барлық қажетті ресурстар бар», - деді ол.
Айдарбек Сапаров шегірткемен күресу үшін дер кезінде пестицидтер қоры сатып алынғанын түсіндірді. Өңдеу жердегі желдеткіштер, бүріккіштер, ұшақтар, дельтапландар арқылы жүзеге асырылады, ал жету қиын жерлерде дрондар қолданылады.
Шекаралас аймақтардағы шегірткеге қатысты жағдай тұрақты бақылауда. Өткен жылғы жағдайдың алдын алу үшін министр облыс әкімдіктеріне шегіртке үйірлерімен күрес мәселесіне аса мұқият әрі жауапкершілікпен қарауды сұрады.