Қостанай облысының шаруалары үкіметтен ауылдарда жеңілдетілген ипотеканы іске қосуды сұрап отыр. Олардың ойынша, бұл ауыл шаруашылығындағы кадр тапшылығы мәселесін ішінара шешеді. Бұл мәселе ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың қатысуымен өткен Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің отырысында көтерілді.
Қостанай облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілері қауымдастығында атап өткендей, жастар ауылға барып жұмыс істеуге қызығушылық танытуы керек. Сондықтан шаруалар жеңілдетілген ипотеканы ұйымдастыру мәселелерін қарастыруды ұсынды. Мәселен, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндерге үш жылға дейін 3-5 пайыз, үш жылдан жоғары болса 0 пайыз төлеуге мүмкіндік берсе. Осылайша, алғашқы үш-бес жылда жастар ауылдарда орналаспақ.
Сонымен қатар жас мамандарға тәлімгерлер қажет.
«Зейнеткерлік жасты қысқартуды қарастыра аламыз. Ал мұндай ынтымақтастық орын алса, біз жастарды да, тәлімгерлерді де қамтамасыз етеміз. Әрине, бұл мәселе қаржылық инвестицияны қажет етеді, бірақ нәтиже болады», — дейді Қостанай облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қауымдастығының өкілі Светлана Михайленко.
Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді өз жұмысшылары үшін тұрғын үй салу үшін субсидиялау ережелері қабылданған болатын.