Биыл қаңтарда алкогольдің ең танымал түрлерінің өндірісі төмендеді.
Мәселен, коньяк өндірісі былтырғы қаңтармен салыстырғанда 47,1%, 749,9 мың литрге дейін, сыра – 34,8%, 29 млн литрге дейін, арақ – 13,4%, 4,1 млн литрге дейін, шарап – 4,7%, 2 млн литрге дейін азайды.
Бұл ретте ликерлер және өзге де спиртті сусындар өндірісі, керісінше, бірден екі есе өсіп, 189,9 мың литрге жетті.
2023 жылдың он екі айының қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар коньяк және коньяк өнімдеріне сұранысты (ішкі нарықтағы сату және экспорт) бір жыл бұрынғы 63,6%-бен салыстырғанда 76,8% қамтамасыз етті. Осы кезеңде сектордағы отандық өнім айтарлықтай өсті – 75,7%, 30,3 млн литрге дейін. Бұл ретте елге 9,1 млн литр коньяк импортталды, көрсеткіш бір жылда 7,3% азайған. Ішкі нарықтағы сатылым 35,6 млн литрді құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 73,7% артық.
Шарапқа деген сұраныс бір жыл бұрын 65,6% отандық өндіріс қамтамасыз етсе, биыл 63,2% қамтамасыз етті. Өндіріс осы кезеңде өзгеріссіз қалды деуге болады, бірақ импорт 10,7% өсіп, 16,6 млн литр болды. Ішкі нарықтағы сатылым 44,8 млн литр, 3,4% көбейген.
Ал ликер-арақ өнімдеріне деген сұраныстың 85,4%-ын отандық өндіріс қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын көрсеткіш 84,8% болған. 2023 жылдың он екі айында сектордағы өндіріс төмендеді, импорт – тиісінше 2% және 7,2%. Ішкі нарықта арақ пен алкогольдік өнімдерді сату 2,2%, яғни 88,1 млн литрге дейін қысқарды.
Сыраға сұраныстың 89,8%-ын отандық компаниялар қамтамасыз етті, бір жыл бұрын 92,4% болған. Бір жыл ішінде өндіріс 611,2 млн литр болды, 14,8% азайған, ал импорт 69,6 млн литр болды – бір жыл бұрынғыдан 17,3% артық. Ішкі нарықтағы сатылым 660,5 млн литр болды, көрсеткіш 12,6% азайған.
Алкоголь өнімдерінің бағасына келетін болсақ, биыл ақпанның соңында бір айда 0,7% және бір жылда 11,8% қымбаттаған.
Ай сайынғы динамика бойынша арақ пен сыра 0,7%, шарап 0,4% қымбаттады. Жылдық динамикада арақ – 5,7%, шарап – 11,5%, сыра – 18% қымбаттады.
Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада ең қатты Атырау облысында (2,2%), ал ең аз Жамбыл облысында (0,1%) қымбаттады. Бұл ретте баға тек Павлодар облысында өткен айдың деңгейінде қалды.
Жылдық динамикада алкогольдік өнімдер ең қатты Ақмола облысында (25,5%) қымбаттады. Сондай-ақ, бағаның айтарлықтай өсуі Абай (18%) және Маңғыстау (17,7%) облыстарында да байқалды. Ең аз жылдық өсім Жетісу облысында – 4,5% байқалды.