2021 жылдың қаңтар-маусым аралығында шағын және орта бизнестің өндірген өнімі 25,4% ұлғайып 17,5 трлн теңгеге жетті. Былтырғы дағдарыста 3,3% азайғанынан еді.
Былтырғы осы уақытпен салыстырғанда барлық өңірде өсім бар. Соның ішінде Түркістан облысында 65,9%, Алматы облысында 64,2%, Ақмола облысында 40,3%, астанада 38,7% ұлғайды. Жалғыз Маңғыстау облысында ғана 5,2% төмендеген.
Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында шағын және орта бизнес республикалық көрсеткіштің тең жартысын иелені отыр. Атап айтқанда елодаданың шағын және орта кәсіпкерлері 4 трлн теңгенің, ал алматылықтар 4,5 трлн теңгенің өнімін өндірген.
Шағын және орта бизнестің өндірген өнімінің 70,6%-ы (12,4 трлн теңге) шағын бизнеске тиесілі, 19,6%-ы (3,4 трлн теңге) орта бизнеске, ал жеке кәсіпкерлерге 8,3% (1,4 трлн теңге) тиесілі. Қалған 1,5% (266,5 млрд теңге) шаруа қожалықтарының қосқан үлесі.
Ал жалпы шағын және орта бизнес субъектілерінің екіден бірі жеке кәсіпкерлер (62,8%), 21,1%-ы шағын бизнес, 15,9%-ы шаруа қожалықтары болса, қалған 0,2%-ы ғана орта бизнеске жатады.
Жұмыспен қамту бойынша да бірінші орында шағын бизнес (сектордағы жұмыспен қамтылғандаодың 41,5%-ы). Артынша жеке кәсіпкерлер (39,3%). Одан кейін орта бизнес өкілдері (10,3%), сосын шаруа қожалықтары (8,9%).