Жылжымайтын мүлік нарығында жаңа бизнес түрі пайда болды.

Krisha.kz сайтында қоймаларды жалға беру туралы хабарлама пайда болды.

Шағын қойманы жалға берушілердің айтуынша, қазір бос қойма қалмаған. Бұл қызметті тұтынушылар шағын пәтерде тұратын артық заттарын қоятын орны аз адамдар. Мәселен, бұл қоймаларға көлік дөңгелектері, ойыншықтар, маусымдық заттар секілді дүниелерді әкеп тастайды екен.

Жеке жер теліміндегі 6, 12 және 15 шарш метр және Бостандық пен Алмалы аудандарындағы қоймалар сұранысқа ие.

Қоймаларға электр қуаты тартылған. Қаласаңыз, кондиционер де қойдыруға болады.

Жалға алу құны айына 15-30 мың теңге аралығы.