2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2 178,9 мың бірлікті құрады және өткен кезеңмен салыстырғанда 7% өсті. Бұл ретте оның 2 002,2 мыңы жұмыс істейді, деп хабарлайды статистика бюросы.
Жұмыс істеп тұрған субъектілердің жалпы санындағы үлесі: 68,4% - жеке кәсіпкерлер 18% - шағын кәсіпкерлік субъектілері заңды тұлғалар 13,5% - шаруа немесе фермер қожалықтары 0,1% - орта кәсіпкерлік субъектілері.
Жұмыс істеп тұрған субъектілердің 35,1%-ы саудада, 15,6%-ы қызметтің басқа түрлерінде, 14,3%-ы ауыл шаруашылығында.
ШОБ секторы елдің жалпы экономикалық белсенді халқының 45,6%-ын құрайды. Осылайша, ШОБ субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 5,3%-ға өсіп, 4 326 мың адамды құрады.
2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында республикада ШОБ субъектілерінің ЖІӨ-дегі үлесі 36,5%-ды құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайыздық тармаққа өсті.