Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2020 жылғы I тоқсанда өткен 2019 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда өндіріс көлемінің және дайын өнiмге сұраныстың төмендеуін белгіледі.
Іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі (+2%) құрады.
Жақын арадағы келешекте өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының ой-пікірлері бойынша ағымдағы уақытпен салыстырғанда қаржы-шаруашылық қызметінің жақсаруы күтіледі.
2020 жылғы I тоқсанда сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша тұтынушылар сұранысы мен іскерлік белсенділігі 2019 жылғы IV тоқсанмен салыстырғанда төмендеді.
2020 жылғы I тоқсанда сұралған сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі (-11%) құрады.
Ағымдағы уақытпен салыстырғанда 58% өзгеріссіз, 17% жақсаруын және 15% кәсіпорын өзінің қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлайтындығын күтеді.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі нақты қалыптасқан сұраныс деңгейін бағалау және дайын өнімнің қоры (соңғысы кері белгімен), сондай-ақ өндіріс көлемінің болжалды өзгерістері «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі.
Сауда кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі нақты қалыптасқан экономикалық жағдай деңгейін бағалау мен қоймадағы қорлар (соңғысы кері белгімен), сондай-ақ экономикалық жағдайдың болжалды өзгерістері «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі. Зерттеліп отырған кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сол немесе өзге көрсеткішінің «өсуін» және «кемуін» атап өткен респонденттердің пайыздық үлесінің айырмашылығы баланс деп ұғынылады.