11 мамыр күні Қазақстанда төтенше жағдай аяқталды. Алайда карантин әлі де созылады. Көптеген жерлер әлі де жабық. Осы орайда, LS басылымы сауда-сауық орталықтары мен дәмханаларда қанша адамның жұмыс істейтінін анықтады.
Жалпы, республика бойынша, тамақтану, қонақүй, бөлшек сауда, көңіл көтеру және демалыс саласында ұзын саны 400 мыңдай адам бар. Карантин уақытында осы жұмыскерлердің басым көпшілігі жұмыссыз қалған еді.
Сауда-сауық орталықтары мен кинотеатрларға ашылуға рұқсат етілмеді. Ал қонақүйлер мен мейрамханалар 18 мамырдан бастап жұмыс істейді.
Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың I тоқсанында тамақтану саласындағы орта және ірі кәсіпорындарда 32 мың адам еңбек етсе, шағын кәсіпорындарда 33,3 мың адам жұмыс істейді.
Бөлшек сауда саласындағы ірі және орта бизнесте 103,7 мың адам, шағын бизнесте 101,9 мың адам жұмыспен қамтылған.
Қонақүй саласындағы ірі және орта бизнесте 10,9 мың, ал шағын бизнесте 11,3 мың қызметкер бар.
Өнер, демалыс және көңіл көтеру саласындағы ірі және орта бизнесте 67,9 мың адам болса, шағын кәсіпорындарда 36,8 мың адам еңбек етеді.