Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында елде майлылығы 85%-дан аспайтын 13,8 мың тонна сары май өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4% көп.
Осы кезеңде сары май экспорты да 40,4% өсіп, 394,1 тоннаға жетті (2025 жылы – 280,7 тонна). Негізгі экспорт нарықтары – Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Беларусь.
Ал сары май импорты 2 242,2 тоннаны құрады. Ішкі нарықтағы импорттық өнімнің үлесі 13,9% болды. Негізгі жеткізушілер – Беларусь пен Иран.
Жылдың алғашқы төрт айында ішкі нарықта 15,7 мың тонна сары май сатылды.
Сонымен қатар, күнбағыс майын өндіру де өсім көрсетіп отыр. 2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында қазақстандық кәсіпорындар 335,5 мың тонна тазартылған және тазартылмаған күнбағыс майын өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13,2% жоғары.