Jusan Invest Air Astana әуе компаниясының бірінші жартыжылдықтағы есебін жариялағаннан кейін компания акцияларының рейтингін растады:
- бір акцияның мақсатты бағасы $11,3/1270 теңге деңгейінде сақталды;
- қазіргі бағадан өсу әлеуеті 34,8%, сатып алу ұсынылады.
Сарапшылар бастапқыда компанияның акцияларына тым оптимистік көзқараспен қарағанын мойындады және бағалаудың «әлсіз аралық нәтижелерді ескере отырып» қайта қаралатынын жоққа шығармады.
Айта кетейік, Air Astana биыл жыл басында акциясын IPO-да 1073,83 теңгеге сатқан, бүгінге дейін оның құны төмендеп отырып, 829 теңгеге бір-ақ түсті.