2023 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша сақтандыру ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 3% өсіп, 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды, жыл басынан бері 9,7% ұлғайды.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 70,2% (1,6 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,9% (156 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 5,1% (115 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері  2023 жылғы сәуірде 1,4 трлн теңгеге дейін 3,5% ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 10,1% өсті). 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2023 жылғы сәуірде 2,1% немесе 17,2 млрд теңгеге 846 млрд теңгеге дейін, негізінен сақтандыру қызметінен түскен пайданың есебінен ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 9,1% өсті). 

2023 жылғы сәуірде сақтандыру нарығы бойынша таза пайда  21,3 млрд теңге болды (2023 жылдың басынан бері – 67,1 млрд теңге).

2023 жылғы сәуірде жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 342 мың шартты құрады, бұл 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 8,2% көп.

2023 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 4 615 мың шартты құрады, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,6% артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (105,4% немесе 467 мың шарт) және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (22,6% немесе 383  мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

Сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы сәуірде 84,2 млрд теңгені құрады. Сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы 4 айда барлығы 322,5 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 18,0%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.

Міндетті сақтандыру бойынша жылдың басынан бері 59,3 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,5% көп. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын ерікті жеке аннуитеттік сақтандыра отырып, сақтандырудың аталған сыныбын біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша болды (54,9% немесе 8,2 млрд теңгеге өсу).

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2023 жылғы 4 айда 92,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,5% аз. Азаю қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын жеке аннуитеттік сақтандырумен бірігуіне байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бері 170,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 26,3% көп. Өсу, негізінен, автомобиль көлігін сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 136,9% немесе 15,9 млрд теңгеге және мүлікті сақтандыру бойынша 11,6% 9,2 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.

2023 жылғы сәуірде сақтандыру төлемдері 27,7 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 77,7 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,7% көп. Өсу, негізінен, мүлікті және қызметкерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюымен байланысты.

2023 жылғы сәуірде барлығы 95 мың төлем, 2023 жылдың басынан бері – 368 мың төлем жүзеге асырылды.