Қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бекітілген Тұжырымдамасында сақтандыру қызметтерін цифрландыруды және сақтандыру нарығына барлық қатысушылардың өзара әрекет ету процестерін автоматтандыруды одан әрі дамыту үшін жағдай жасау бойынша нақты шаралар қарастырылған, дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева.
"Бірінші - Insurtech, бұл сақтандыру қызметтерін көрсеткен кезде сақтандыру компанияларының олардың клиенттерімен тиімді өзара іс-қимылына ықпал ететін цифрлық технологиялар, бұл екі тараптың уақыт бойынша және қаржылық ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Жекелеген елдердегі статистика дамыған Insurtech бар компанияларды жалпы нарықтық капиталдандырудың өсуі 2020 жылдың соңына қарай 2,5 есе ұлғайғанын көрсетті. IBM зерттеуінің деректері бойынша әлемдегі ең табысты сақтандыру компанияларының 81%-ы Insurtech-жобаларға инвестициялады немесе олармен ынтымақтасуда. Жыл өткен сайын мұндай компаниялар мен жобалар саны артуда. Сақтандыру бизнесі біртіндеп онлайнға өтуде", дейді спикер.
"Екінші бағыт – RegTech. Бұл технологиялар сақтандыру нарығына қатысушылар қызметінің тиімділігін арттыруға арналған. Мысалы, сақтандыру шарттары бойынша толық дерекқорын құру есептілікті қысқарту есебінен сақтандыру компанияларына жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік дерекқорларды интеграциялау әрбір клиент бойынша тәуекелдерді неғұрлым толық және дұрыс бағалауды (андерайтинг) жүргізуге мүмкіндік береді. Толық дерекқор бүкіл нарықты кешенді түрде талдауға және сақтандыру тарифтерін барабар деңгейде белгілеуге мүмкіндік береді.
Үшінші бағыт – SupTech: сақтандыру компанияларының реттеушілік талаптарды орындауын қадағалауды автоматтандыру. Бұл қадағалаушы органға сақтандырушылар қызметіндегі жағымсыз факторларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді. SupTech қадағалау органының тиімділігін арттырады, бұл нәтижесінде клиенттердің құқықтарын тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді", деді Мария Хаджиева.
Оның айтуынша, сақтандыру нарығын одан әрі дамыту үшін жұмыс істеуін Мемлекеттік кредиттік бюро қамтамасыз ететін бірыңғай сақтандыру дерекқорының (БСДҚ) қызметін жаңғырту және дамыту қажет.
"Сақтандыру секторының негізгі проблемасы толық және дәйекті статистиканың болмауы. Біз дерекқорды толтыру бойынша істің басында тұрмыз: 2020 жылдан бастап сақтандырудың міндетті сыныптары бойынша статистика қалыптастырылуда, 2022 жылдан бастап дерекқор ерікті сақтандыру сыныптары бойынша да деректермен толықтырылатын болады", дейді.
Бұдан басқа сақтандырудың толық аясын цифрландыру үшін тек сақтандыру шарттары бойынша ғана емес, сақтандыру жағдайлары бойынша да статистика қажет. Бұл ретте сақтандыру сыныптары бойынша ғана емес, әрбір компанияның әрбір өнімі бойынша да қажет.
Сақтандыру статистикасы бойынша бірегей жүйе және сақтандыру қызметтерін цифрландырудың негізгі элементі ретінде БСДҚ-ның одан әрі дамуы Қазақстанның сақтандыру саласының дамуына тікелей әсер етеді. Ол жаңа сервистер құруға және сақтандыру нарығына қатысушылар үшін шығындарды төмендетуге, сондай-ақ қадағалау функцияларын жақсартуға, сақтандыру өнімдері мен қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
"Сақтандыру нарығын цифрландыру халыққа онлайн режимінде сақтандыру қызметтерінің толық аясын алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді және сақтандыру ұйымдарының кеңселеріне бару қажеттілігін алмастырады. Электрондық полистің барлық мәні БСДҚ арқылы шарт жасасудан тұрады және оған бірегей нөмір беруді көздейді. БСДҚ деректері сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін тарифті автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді. Мысалы, іске асырылған онлайн-автосақтандыру 24/7 сақтандыру шарттарын қашықтан жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік дерекқорын БСДҚ-мен интеграциялау автокөлік иесінің жеке деректерін ҚР Әділет министрлігінің дерекқорынан, автомобиль бойынша - ҚР Ішкі істер министрлігінің дерекқорынан синхрондауға мүмкіндік берді. Бұл клиенттерге батырманы бір рет басу арқылы қызметті қашықтан алуға, сақтанушы толтыратын ақпарат көлемін қысқартуға мүмкіндік береді. Айтпақшы, автокөлік иесінің өзімен бірге қағаздағы құжаттарын алып жүруінің қажеті еместігі де бірыңғай дерекқордың еңбегі, өйткені жол полициясы қызметкерлерінің автокөлікті тоқтатпай онлайн сақтандырудың бар-жоғын тексеруге мүмкіндігі бар. 2020 жылы шамамен 5 млн шарт жасалды және сақтандыру сыйлықақылары түрінде 81 млрд теңге жиналды", деді спикер.
Сақтандырушылар үшін цифрландыру деңгейі адал бәсекелестіктің элементі болып табылады, өйткені онлайн-қызметтерді ұсыну шарттары неғұрлым ыңғайлы болса, клиенттер дәл осы компаниямен жұмыс істеуге мүдделі болады.
Сонымен қатар цифрландыру сақтандыру қызметтерінің бүкіл аясын ұсыну бойынша электрондық алаң - маркетплейстерді құруға мүмкіндік береді, бұл клиенттердің сақтандыру өнімдері туралы хабардарлығын арттырады, ал сақтандыру компанияларына бәсекелестік барысында клиенттердің жеке мүдделерін ескеретін сақтандыру өнімдерінің желісін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге қазіргі уақытта жинақтаушы өнімдер бойынша төлемдердің 60%-дан астамы сақтандыру компанияларының сервистік ресурстарына ықпалдасқан төлем жүйелері арқылы орындалатынын атап өтеміз.
"Сақтандыру жағдайларын онлайн-реттеу сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған және сақтандыру төлемін алудың транспарентті рәсімін айтарлықтай жеңілдетуге және жасауға мүмкіндік береді. Сақтандыру оқиғасы орын алған жағдайда, клиент төлемді алу үшін сақтандырушының кеңсесіне бармай-ақ, сақтандыру компаниясының сайтында өтініш беру мүмкіндігіне ие болады. Сақтандыру жағдайын реттеу үрдісінің барлық кезеңдері, құжаттар топтамасын қалыптастырудан бастап, сақтандырушының шешімін төлеуге немесе шағымдануға дейін, БСДҚ-да бекітілетін болады. Осылайша, міндетті автосақтандыру шарты бойынша сақтандыру қызметтерін көрсетудің толық аясын: шарт жасалған сәттен бастап сақтандыру төлемін алғанға дейін цифрландыру қамтамасыз етіледі. Бұл әсіресе пандемия кезеңінде қызметтерді қашықтан алу үшін аса маңызды", дейді.
Онлайн реттеуді іске асыру қазіргі уақытта ҚР Парламентінің Мәжілісінде қаралып жатқан заңнамалық бастамаларда көзделген. Сақтандыру нарығына қатысушылармен және мүдделі мемлекеттік органдармен арнайы мобильдік қосымшаны құру арқылы еуропалық елдердің тәжірибесін ескере отырып, көлік оқиғасын реттеудің жеңілдетілген тәртібінің тетігін енгізу идеясы талқылануда.
"Цифрлық сақтандыруды сатудың әлеуеті орасан зор, сақтандыру бизнесінің операциялық процестерін цифрландыру ісі қарқынды түрде жүріп жатыр. Негізгі заманауи әлемдік үрдістердің қатарына стандартталған сақтандыру өнімдерін әзірлеуден әлеуметтік желілердің, медициналық ұйымдар мен кәсіпорындардың қолжетімді ақпаратын пайдалана отырып, жеке сақтандыру бағдарламаларын жасауға көшуді жатқызуға болады", дейді.
Бүкіл әлемде тұтынушылық артықшылық түрленіп келеді, ал сақтандырушылар өсудің жаңа орындарын іздейді. Мысалы, Еуропа мен АҚШ-та телематика немесе «ақылды» сақтандыру тетігін пайдалану тәсілі бар, бұл ұқыпты автокөлік жүргізушілеріне сақтандыруда үнемдеуге, ал сақтандырушыларға – тәуекелдерді жақсы басқаруға мүмкіндік береді Шетелде «ақылды» технологиялар тек моторлы сақтандыруда ғана емес, жылжымайтын мүлікті сақтандыруда («ақылды» үй), клиенттің денсаулық жағдайын қашықтан бағалау үшін гаджеттерді пайдалана отырып, жеке сақтандыруда да қолданылады.
Цифрландыру қызметтердің сапасын жақсартумен қатар, сақтандыру қызметтерінің аясын кеңейтуге, елдің сақтандыру нарығының сыртқы және ішкі киберқауіптер алдындағы осалдығы дәрежесін арттыруға әкелетінін ескерген жөн.
Бірінші кезекте бұл жүйеде осалдықтардың болуы, деректердің таралып кету, кибершабуылдар нәтижесінде жосықсыз және алаяқтық іс-әрекеттер жасау мүмкіндігі.
Бірақ, барлық тәуекелдерге қарамастан, цифрландырудың болашағы зор. Технологиялар клиенттердің қалауын өзгертіп, аңа сақтандыру мәдениетін қалыптастыруда.