2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 27 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.
2022 жылғы шілде айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 2 трлн теңгеге дейін 1,8%-ға ұлғайды (2022 жылдың басынан 9,6%-ға өсу), ол, негізінен, сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі және қаржы құралдарының құнын шетел валютасында қайта бағалау нәтижесінде болды.
2022 жылғы 1 тамызға активтердің құрылымында ең көп үлес (71,4%) бағалы қағаздарға тиесілі – 1,4 трлн теңге, екінші деңгейдегі банктердегі ақша қаражаты мен салымдар 137 млрд тенге – (6,8%), сақтандыру дебиторлық берешек – 98 млрд теңге (4,9%).
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2022 жылғы шілдеде 1,3 трлн теңгеге дейін 1,9%-ға ұлғайды (2022 жылдың басынан 15,1%-ға өсу), Міндеттемелердің ұлғаюы, негізінен, сақтандыру резервтерінің 2,4%-ға немесе 24,9 млрд теңгеге өсуі есебінен болды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2022 жылғы шілдеде 1,5%-ға немесе 11,1 млрд теңгеге ұлғайды және сақтандыру қызметінен түскен пайданың есебінен 752 млрд теңге болды.
2022 жылғы шілдеде сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 7,9 млрд теңгені құрады (2022 жылдың басынан - 88,2 млрд теңге).
2022 жылғы шілдеде жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 211 739 болды, бұл 2022 жылғы маусыммен салыстырғанда 1,7%-ға көп.
2022 жылдың басынан жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 7 039 453 болды, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,3%-ға көп. Негізгі өсу ауырған жағдайда сақтандыру бойынша жасалған сақтандыру шарттарының (176 658 шарт немесе 56,8%), көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша шарттарының (175 219 шарт немесе 5,6%) және туристі сақтандыру бойынша (138 555 шарт немесе 47,1%) шарттарының үлесіне келеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2022 жылғы шілдеде 65,9 млрд теңгені құрады. Жиынтығында 2022 жылдың 7 айында сақтандыру сыйлықақылары 461 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 7,8%-ға немесе 33 млрд теңгеге көп. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйверлері міндетті сақтандыру және ерікті мүліктік сақтандыру сыныптары болып табылады
Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан 90,1 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,4%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру есебінен болды (ұлғаю 10,6 млрд теңгеге немесе 49,2%).
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылғы 7 айда 158,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 10,1%-ға аз. Төмендеу, негізінен, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары жинағының 62,9%-ға немесе 26,5 млрд теңгеге азаюына байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан 212,3 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,3%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті зияннан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 13,2%-ға немесе 13,7 млрд теңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша 51,3%-ға немесе 10 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.
2022 жылғы шілдеде сақтандыру төлемдері 14,4 млрд теңгені құрады, оның ішінде 5,3 млрд теңге сомаға қарыздарды сақтандыру сыныптары бойынша және 6,3 млрд теңге сомаға көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша төлемдер. Жиынтығында 2022 жылдың басынан сақтандыру төлемдері 93 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,5%- ға артық.
2022 жылдың басынан бастап барлығы 493 894 төлем, 2022 жылғы шілдеде – 72 000 мың төлем жүзеге асырылды.