2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 27 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.
2022 жылғы қараша айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 2,1 трлн теңгеге дейін 1,1%-ға (2022 жылдың басынан бастап 12,7%-ға өсу) ұлғайды.
2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 73,0% (1,5 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,0% (124 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке – 3,6% (73 млрд теңге) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2022 жылғы қарашада 1,3 трлн теңгеге дейін 0,5%-ға ұлғайды (2022 жылдың басынан бастап өсім – 16,9%).
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2022 жылғы қарашада 2,1%-ға немесе 15,9 млрд теңгеге ұлғайды және негізінен сақтандыру қызметінен түскен пайда есебінен 791 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы қарашада сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 14,1 млрд теңге (2022 жылдың басынан бастап – 131,4 млрд теңге) болды.
2022 жылғы қарашада жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 825 601 шартты құрады, бұл 2022 жылғы қазанмен салыстырғанда 18,5%-ға аз.
2022 жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 11 170 697 шартты құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артық.
Негізгі өсім көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (6,9%-ға өсу немесе 358 781 шарт), туристі сақтандыру (53%-ға өсу немесе 254 738 шарт) және ауырған жағдайда сақтандыру (25,3%-ға өсу немесе 132 267 шарт) бойынша шарттарға тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2022 жылғы қарашада 56 млрд теңгені құрады. Жиынтығында 2022 жылдың 11 айында сақтандыру сыйлықақылары 698 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,2%-ға немесе 76 млрд теңгеге көп. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйверлері міндетті сақтандыру және ерікті мүліктік сақтандыру сыныптары болып табылады
Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан 152 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29,2%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру есебінен болды (ұлғаю 19,6 млрд теңгеге немесе 56,8%).
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылғы 11 айда 255 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 4,7% -ға аз. Төмендеу, негізінен, зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары жинағының 60,4% -ға немесе 33 млрд теңгеге азаюына байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан 291 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,9%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті зияннан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 15,6% немесе 20 млрд теңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша 45,6%-ға немесе 13 млрд теңгеге ұлғаюымен байланысты.
2022 жылғы қарашада сақтандыру төлемдері 16 млрд теңгені құрады. 2022 жылдың басынан бастап сақтандыру төлемдері 165 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,8%-ға көп. Өсу, негізінен, қарыздарды және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдердің ұлғаюымен байланысты.
2022 жылғы қарашада барлығы 80 023 төлем, 2022 жылдың басынан бастап 790 277 төлем жүзеге асырылды.