2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 27 сақтандыру ұйымы бар, оның 9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.
2022 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 2 трлн теңгеге дейін 0,7%-ға (2022 жылдың басынан бастап 10,3%-ға өсу) ұлғайды.
2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес (70,8%) бағалы қағаздарға – 1,4 трлн теңге, екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 127 млрд теңге (6,3%), сақтандыру дебиторлық берешекке – 100 млрд теңге (5,0%) тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2022 жылғы тамызда 1,3 трлн теңгеге дейін 0,5%-ға ұлғайды (2022 жылдың басынан бастап өсім – 15,8%). Міндеттемелердің ұлғаюы, негізінен, сақтандыру резервтерінің 2,4%-ға немесе 25,7 млрд теңгеге өсуі есебінен болды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2022 жылғы тамызда 0,9%-ға немесе 6,5 млрд теңгеге ұлғайды және негізінен сақтандыру қызметінен түскен пайда есебінен 759 млрд теңгені құрады.
2022 жылғы тамызда сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 6,9 млрд теңге (2022 жылдың басынан бастап – 95,2 млрд теңге) болды.
2022 жылғы тамызда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 146 995 шартты құрады, бұл 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда 5,3%-ға аз.
2022 жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 8 186 448 шартты құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,0%-ға артық. Негізгі өсім көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (249 053 шарт немесе 6,8%), туристі сақтандыру (176 224 шарт немесе 48,2%) және ауырған жағдайда сақтандыру (158 829 шарт немесе 42,1%) бойынша шарттарға келеді.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2022 жылғы тамызда 75,4 млрд теңгені құрады. 2022 жылдың 8 айында сақтандыру сыйлықақылары 536 млрд теңгені құрады, бұл 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 12,5%-ға немесе 60 млрд теңгеге артық. Сақтандыру сыйлықақылары өсуінің негізгі драйверлері міндетті сақтандыру және ерікті мүліктік сақтандыру сыныптары болып табылады.
Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан бері 113,5 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32,4%-ға артық. Өсім негізінен қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша орын алды (18,3 млрд теңгеге немесе 67,4%-ға ұлғаю).
Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2022 жылдың 8 айында 188,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5%-ға аз. Төмендеу негізінен зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын жинаудың 61%-ға немесе 27,3 млрд теңгеге төмендеуіне байланысты.
Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бастап 234,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,5%-ға артық. Өсім негізінен мүлікті залалдан сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 18,7%-ға немесе 20,1 млрд теңгеге және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша 55,4%-ға немесе 12 млрд теңгеге ұлғаюына байланысты.
2022 жылғы тамыз айындағы сақтандыру төлемдері 19,5 млрд теңгені құрады. Жиынтығында 2022 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері 113 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,8%-ға артық. Өсім негізінен қарыздарды сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің 7,0 млрд теңгеге және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің 7,5 млрд теңгеге ұлғаюына байланысты.
2022 жылдың басынан бері барлығы 564 445 төлем, 2022 жылғы тамызда – 70 551 төлем жүзеге асырылды.