"Самұрық Қазаны" қорының 2021 жылға шоғырландырылған қаржылық есебі жарияланды.

2021 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес, 2020 жылдың соңымен салыстырғанда қордың меншікті капиталы 15 трлн теңгеден 17 трлн теңгеге өскен. 

Жиынтық акивтер 27,5 трлн теңгеден 30,3 трлн теңгеге жеткен. 

Жиынтық міндеттемелер, яғни қарызы 12,3 трлн теңгеден 13,1 трлн теңгеге ұлғайса, таза пайда 8,6 трлн теңгеден 11,7 трлн теңгеге көбейді. 

Сату көлемі 2 трлн теңгеден 3 трлн теңгеге жетіп, жалпы кіріс 582 млрд теңгеден 1,9 трлн теңгеге артты. 

Осы аралықта қордың акциясы 3 771 теңгеден 4 356 теңгеге қымбаттады.