«KEGOC» АҚ Еурора Қайта Құру және Даму банкінен 141 млрд теңге қарыз алмақ.
Бұл қаражат 500 кВ Қарабатан-Өлке (Атырау-Ақтөбе тас жолының бойында) электр беру желісін және 500 кВ Қарабатан қосалқы станциясын салуға беріледі. Сондай-ақ Қарабатан (220 кВ) және Өлке (500 кВ) қосалқы станцияларындағы тарату құрылғыларын кеңейтуге жұмсалады.
«Бұл Батыс Қазақстанның энергетикалық жүйесін елдің Бірыңғай электр энергетикасы жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. Батыс аймақтың өткізу қабілеті 500 МВт-қа дейін артады», – деді қол қою рәсімінде «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов.
Айта кетейік, қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЕҚҚДБ президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізген. Қаржы ұйымының басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу рәсімдеріне оң бағасын берген.
Оның айтуынша, несие беруші компаниялар сатып алу рәсімдерін Қордың ережелері бойынша жүзеге асырады.
ЕҚҚДБ-мен несиелік келісім 2024 жылғы 20 желтоқсанда корпоративтік шешімдер қабылданғаннан кейін күшіне енеді.