Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2023 жылғы 6 сәуірге белгілеген Ресей валютасының бағамы – 5,63 теңге. 2022 жылдың 21 сәуірінен (5,47 теңге) бергі минимум.
Басқаша айтқанда, қазір ресейлік валютаның ресми құны шамамен соңғы бір жылдағы ең төменгі деңгейде.
Рубль бағамы 2023 жылдың 16 наурызынан бастап, яғни үш апта қатарынан тұрақты түрде төмендеп келеді. Жалпы алғанда, осы кезеңде ресейлік валюта 8,3%-ға, яғни 0,51 теңгеге әлсіреді.