2022 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға республикалық бюджеттің шығындары 18,8 трлн теңге сомасында жоспарланған. Биылғы жылдың қаңтар—шілде айларында мемлекеттік бюджет шығындары (міндеттемелер) 10,1 трлн теңге деңгейінде болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шығындардың жалпы көлемі 17,5% өсті, деп хабарлайды ranking.kz.
41 млрд теңге орындалмаған, оның ішінде бюджет үнемдеу – 9,6 млрд теңге, игерілмеген – 31,4 млрд теңге.
Республикалық бюджеттік бағдарламаларды ең көп орындамаған әкімшілері:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі* – 3918 млн теңге;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі – 3912,9 млн теңге;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі – 2313,5 млн теңге;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі – 1377,5 млн теңге;
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі – 926,3 млн теңге.
Айта кетейік, 2022 жылдың маусымында ҚР Білім және ғылым министрлігі Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігі болып бөлінді.
Игерілмеудің негізгі себептері келісімшарт жасасу рәсімдерінің ұзаққа созылуы, орындалған жұмыс актілері мен шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, төлемге шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, нақты көрсетілген қызметтердің көлеміне ақы төлеу, есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы.
Жекелеген мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын игермеу себептерін, сондай-ақ игерілмеу анықталған салаларға толығырақ тоқталайық.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
3918 млн теңге игерілмеді, оның негізгі себептері:
• кадрларды жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен қамтамасыз етуде – 2360,8 млн теңге, оқуды аяқтағаны туралы анықтамалар мен шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, сондай-ақ төлем құжаттарын ұзақ мерзімді келісу, нақты көрсетілген қызметтердің көлеміне ақы төлеу, ұзақ мерзімді шарттар мен қосымша келісімдер жасау рәсімдері;
• сапалы мектептік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуде – 590,8 млн теңге, орындалған жұмыстардың актілері мен шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауына байланысты;
• кадрларды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету саласына – 311,5 млн теңге, орындалған жұмыстардың актілері мен шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауына байланысты;
• ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін мақсатты қаржыландыруда – 191,3 млн теңге, орындалған жұмыстар актілері мен шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, сондай-ақ шарттар мен қосымша келісімдер жасасу рәсімдерінің ұзаққа созылуына байланысты.
* 2022 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Оқу-ағарту министрлігі және Ғылым және жоғары білім министрлігі болып бөлінді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі:
3912,9 млн теңге игерілмеді, оның негізгі себептері:
• қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде – 2262,9 млн теңге, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру бойынша нормативтік-құқықтық актілердің уақтылы қабылданбауына, нақты көрсетілген қызметтердің көлеміне ақы төлеуге, сондай-ақ қазынашылық органдарына төлеуге арналған шот-фактураны уақтылы ұсынбауға байланысты;
• қылмыстық-атқару жүйесінің ұйымдастырушылық қызметі саласында – 697,4 млн теңге, өтпеген мемлекеттік сатып алу конкурстарына, сондай-ақ нақты көрсетілген қызмет көлеміне ақы төлеуге байланысты.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
2313,4 млн теңге игерілмеді, оның негізгі себептері:
• бюджеттік жоспарлауды, мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету қызметтерінде – 2291,4 млн теңге, орындалған жұмыстардың актілері мен шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы, сондай-ақ есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауына байланысты.