2025 жылғы 1 қыркүйектегі дерек бойынша өңірлерге республикалық бюджеттен 1,056 трлн теңге көлемінде мақсатты трансферт жіберілді. Оның 1,053 трлн теңгесі игеріліп, орындалу деңгейі 99,7%-ға жетті.

Бағыттар бойынша даму бағдарламаларына – 666,7 млрд теңге (63,1%), іске асып жатқан бағдарламаларға – 351,1 млрд теңге (29,9%), несиелер – 59 млрд теңге (7%) болды.

Қай өңірлер көбірек алды?

Негізгі үлес үш өңірдің еншісінде:

Астана – 244,1 млрд теңге (23,1%),

Түркістан облысы – 168,1 млрд теңге (9,3%),

Алматы облысы – 72,4 млрд теңге (6,9%).

Осы үш өңір жалпы трансферттердің 40%-қа жуығын иеленді.

Игеру сапасы

Алайда қаражатты игеру деңгейі бұл өңірлерде елдік орташа көрсеткіштен төмен:

Астана – 95,2%,

Түркістан облысы – 88,5%,

Алматы облысы – 92,3%.

Ел бойынша орташа игеру – 95,9%.

Мұндай құрылым бюджет қаржыландыруының белгілі бір өңірлерге шоғырланғанын көрсетеді. Дегенмен ұзақмерзімді стратегия тұрғысынан қаражатты теңдей бөлу және өсімі төмен өңірлерге көбірек көңіл бөлу өңірдегі теңсіздікті азайтып, тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.