Қазақстандық банктердегі ресейліктердің депозиттері мен ағымдағы шоттары бойынша қалдықтардың көлемі 670 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды LS.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәліметінше, 2022 жылғы 10 қазандағы жағдай бойынша Ресей азаматтарының (жеке тұлғалардың, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің) депозиттері мен ағымдағы шоттары бойынша қалдықтардың көлемі 678,2 млрд теңгеге жетті. Жыл басында бұл көрсеткіш 145,6 млрд теңге деңгейінде болды. Осылайша жыл басынан бері өсім 532,6 млрд теңгені немесе 366%-ды (+4,6 есе) өсімді құрады.

Бұл ретте банк клиенттерінің саны 156,4 мыңнан 272,9 мың адамға дейін өсті (+74%).