2025 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтар халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы Ресейге 20,3 млрд теңге жіберді. Бұл кейінгі 19 айдағы ең жоғары көрсеткіш. Бұған дейін тек 2024 жылдың ақпанында ғана одан көп ақша аударылған — 20,8 млрд теңге. Бұл туралы Ұлттық банктің статистикасында айтылған.
2025 жылдың тамызымен салыстырғанда Ресейге аударылған ақша көлемі 10,3% артқан, ал 2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 41,9% көбейген.
Қазақстан қай елдерге ақша жібереді
2025 жылдың қыркүйегінде халықаралық жүйелер арқылы шетелге 149,3 мың транзакция жасалып, олардың жалпы көлемі 71,6 млрд теңге болды. Тамызбен салыстырғанда аударымдар саны 5,1% өскен, ал операциялар көлемі 1,6% азайған.
Қазақстаннан шыққан ақшалай аударымдардың негізгі бағыттары:
- Өзбекстан — 25 млрд теңге (жалпы көлемнің 34,9%)
- Ресей — 20,3 млрд теңге (28,4%)
- Түркия — 11,3 млрд теңге (15,8%)
- Грузия — 4,2 млрд теңге (5,8%)
- Қырғызстан — 2,4 млрд теңге (3,4%)
Аударымдардың басым бөлігі теңгемен (жалпы санның 69,9% және көлемнің 55,8%) және доллармен (16,3% және 34,6%) жасалған.
Шетелге жіберілген ақшаның 84,3%-ын «Золотая Корона» жүйесі қамтиды. Одан кейін Western Union — 10,9% және MoneyGram — 2,5%.
Қазақстанға қай елдерден ақша келеді
2025 жылдың қыркүйегінде халықаралық жүйелер арқылы шетелден Қазақстанға 48,0 мың транзакция түсті, олардың жалпы сомасы 20,4 млрд теңге болды. Тамызбен салыстырғанда аударымдарының саны 0,8%, ал көлемі 2% азайды.
Келіп түскен қаражат көлемі бойынша көшбасшылар:
- Ресей — 4,7 млрд теңге (жалпы соманың 23%)
- АҚШ — 3 млрд теңге (14,9%)
- Өзбекстан — 2,6 млрд теңге (12,5%)
- Түркия — 2,5 млрд теңге (12,4%)
- Германия — 1,6 млрд теңге (8%)
Кіріс аударымдарының негізгі бөлігі доллармен (санының 44,7% және көлемінің 58,3%) және теңгемен (25,9% және 19,4%) жүзеге асқан.
Шетелден түскен ақшаның 49,2%-ы «Золотая Корона» жүйесіне, 33,4%-ы Western Union-ға, ал 15,9%-ы MoneyGram жүйесіне тиесілі.