Ақтау әуежайында әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталығы пайда болады, деп хабарлады көлік министрі Марат Қарабаев 23 желтоқсанда Мәжілісте өткен жиында. Жөндеу-оқу базасын, министрдің айтуынша, түрік компаниялары YDA, Turkish Technic және ASFAT салуды жоспарлап отыр.
«Техникалық қызмет көрсету орталығы Қазақстан, Ресей және Орталық Азия елдерінің азаматтық және әскери ұшақтарына қызмет көрсетеді. Олар еліміздің, Ресей Федерациясының, Өзбекстанның, Түркіменстанның, Қырғызстанның және Тәжікстанның азаматтық авиациясының 411 жолаушы ұшағы», — деді министр.
Қарабаевтың айтуынша, Ақтау әуежайы перспективалы мультимодальды авиациялық хаб. «Оның басты артықшылығы – көліктің барлық түрлеріне қолжетімділік және Еуропаға жақындығы – бар болғаны 3 сағаттық жер», — деді министр.
Жаңғырту нәтижесінде әуежайдың жүк тасымалдау мүмкіндігі жылына 200 мың тоннаға дейін артып, жылдық айналымы 520 млрд теңгені құрайтын болады», — деді Қарабаев.