Россельхознадзор 21 қазаннан бастап Қазақстаннан келетін кесілген гүл мен бүршіктерді импорттауға уақытша шектеулер енгізеді, деп хабарлады мекеме.
Россельхознадзор Қазақстан Ресейге гүл негізінен Нидерланд, Польша және Бельгиядан әкелетінін мәлімдеді. Ал бұл елдердің құзырлы органдары өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне бақылауды қамтамасыз етпейді.
Хабарламада айтылғандай, 2023-2024 жылдар ішінде Ресей импорттық гүлдердеәртүрлі ауруларды тудыратын, жемістер мен гүлдердің сапасын нашарлататын зиянкес жәндіктерді анықтаған. Бұл оны ауыл шаруашылығы мен бау-бақша шаруашылығына үлкен қауіп төндіреді-міс.
«Салдарының ықтимал экономикалық зияны 11,5 миллиард рубльден асады», — делінген хабарламада.
Бұл шешім Ресейдің фитосанитарлық әл-ауқатын және тауар экспортының көлемін сақтау мақсатында қабылданғаны айтылды. Бұған дейін Россельхознадзор Қазақстаннан әкелінетін бидай, жасымық, зығыр тұқымдары мен бақша дақылдарын, сондай-ақ Қазақстаннан әкелінетін үшінші елдерден қызанақ пен бұрыш әкелуге уақытша шектеулер енгізген болатын.