Ресей Қазақстанның Батыс Қазақстан облысындағы шағын «Конденсат» мұнай өңдеу зауытында мұнайын өңдейтін болды.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Қазақстан Ресейдің Энергетика министрлігінен зауытты ресейлік мұнаймен жүктеу туралы ресми хат алған.
«Конденсат» кәсіпорнының 50%-ы ресейлік компанияға тиесілі. Министрдің сөзінше, компания санкцияда емес.
Өндірілген жанармайдың бір бөлігі Қазақстанда қалады
Келісім бойынша зауытта өндірілетін өнімнің:
30%-ы Қазақстан нарығында қалады;
қалған 70%-ы Ресейге жеткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарын Украинаның қиратқанынан кейін Ресейде жанармай тапшылығы пайда болған.