Бұл серия Redmi Note: Redmi Note 13 Pro+ 5G, Redmi Note 13 Pro мен Redmi Note 13 танымал топтамасын бұрынғыдан да кеңейте түсті.
Камера жүйесін, дизайн, дисплей мен процессорды жаңарту нәтижесінде Redmi Note 13 сериясы орта және флагман деңгейіндегі смартфондар арасындағы алшақтықты жақындатуды жалғастырып келеді. Әрі жан-жақты сенімділік, фантастикалық сезім мен сурет өңдеудің таң қаларлық мүмкіндігін қолжетімді бағаға сатып ала аласыз.
Redmi Note 13 Series-тің жаңартылған камера жүйесі кез келген суретті ерекше ете түседі
Сурет саласындағы кез келген қалауды қанағаттандыру үшін Redmi Note 13 сериясы жаңартылған әмбебап камера жүйесін ұсынады. Redmi Note 13 Pro+ 5G мен Redmi Note 13 Pro про-модельдеріне су жаңа детализация деңгейі мен флагман деңгейіндегі суреттер түсіру үшін суретті оптикалық стабилизациялау (OIS) мүмкіндігін беретін, түсті ажырату мүмкіндігі жоғары 200 Мп камера қойылған.
Оған қоса 2x/4x зум алыстан детальді ірі план түсіруге және көпшілік арасында нақты бір адамға фокус жасауға немесе сапасын жоғалтпай жақындатуға мүмкіндік береді.
Бұл 1/1,4 дюйм үлкен сенсоры қойылған, суретті өңдеу мүмкіндігі жақсартылған жетілдірілген камералар жүйесі қараңғы жерде де, қиын жағдайларда да сапасы мінсіз суреттер түсіруге жағдай жасайды. Бұл сенсор, f/1,65 өте үлкен диафрагма мен Tetra2 пиксель (пикселдерді біріктірудің алдыңғы қатарлы технологиясы) үйлесімі қараңғы жерде де анық әрі жарқын сурет түсіруге мүмкіндік береді, ал сурет қатпарларын атомды тұндыру (ALD) технологиясы бар 7Р объективі дақтар мен суретте қос мүсіннің пайда болуынан сақтайды.
Осы ретте Redmi Note 13 базалық моделіне кішкентай деталі де анық көрінетін ерекше суреттер түсіру үшін 3 мәртелік зумы бар 108-Мп негізгі камерасы қойылғанын айта кеткен жөн. Смартфонда суреттерді персонализациялау үшін FilmCamera фильтрлерінің таңдауы көп. Аталған құрылғылардың барлығында үш камера қойылған. Нақты айтқанда, 200 немесе 108 Мп-лік негізгі камера, 8 Мп бұрыш камерасы мен 2 Мп макрокамерасы, сонымен қатар 16 Мп-лік селфи-камера бар, олар Xiaomi Imaging Engine бағдарламасын оқи алады. Жалпы, әр құрылғы жаңа заманға сай есесптеу суретін түсіріп, суретті керемет өңдеп, Redmi Note 13 Series-ті кез келген жаңдайда мінсіз сурет түсіретін таптырмас смартфонға айналдырады.
Аса дәл, AMOLED-дисплей мен жаңару жиілігі 120 Гц-ке дейін
Redmi Note 13 сериясы сәнді, элегант дизайнымен, жұқа, қымбат жақтауларымен, жоғары сапалы дисплейімен ерекшеленеді. Бұл смартфон қолдануды ерекше жайлы ете түседі. Redmi Note 13 Pro+ 5G жарықтығы 1800 нитке жететін 1,5K AMOLED-дисплейінің арқасында экрандағы бейнелер кристалдай таза көрінеді. Ал Redmi Note 13 Pro мен Redmi Note 13 смартфондарына өте анық көрсететін FHD+ AMOLED-дисплейлері қойылған.
120 Гц жаңарту жиілігінің арқасында Redmi Note 13 сериясындағы әр құрылғыда айналдыру кідіріссіз, анық болып отыр, бұл жалпы смартфоннан бір нәрсе қарау процесін жағымды етеді.
Redmi Note 13 сериясындағы құрылғылары TÜV Rheinland Low Blue Light, Flicker Free және Circadian Friendly сертификатына ие, сонымен қатар оқу режимі сияқты көзді қорғауға қажет әртүрлі мүмкіндіктер қарастырылған. Басқа жаңартулар қатарында осы серияда алғаш кездесіп отырған экранға кіріктірілген ыңғайлы саусақ ізі сенсоры бар.
Сіз уайымдамайтындай аса сенімді.
Жетілдірілген инженерлік және дизайн шешімдерінің нәтижесінде Redmi Note 13 Series ұзақ қолдану және беріктігімен ерекшеленеді, қиын жағдайларда барынша сенімділік береді. Redmi Note 13 Pro+ 5G бірінші рет дисплейінен бастап Corning® Gorilla® Glass Victus® әйнегі қойылған. Серияның бұл жаңалығы құлап қалу мен экран бетінің бүлінуіне қосымша төзімділік береді. Жаңбыр кезінде де сезімтал және сенсорға дәл жазуды қамтамасыз ету үшін барлық сериядағы дисплей қосымша жақсартылған.
IP68 шаң мен суға төзімділік сертификаты бар жаңартылған дизайн Redmi Note 13 Pro+ 5G сериядағы негізгі модель саналуға мүмкіндік береді, ал басқа модельдердің IP54 шаң мен суға төзімді екені туралы сертификаты бар.
Өнімділікті арттыруға арналған жетілдіріліген процессорымен ерекше сәттер
Жоғары өнімді Redmi Note 13 Series ең қуатты процессорлармен және ұзаққа созылатын батареялармен жабдықталған, бұл пайдаланушыларды құрылғыларды күні бойы пайдалана алуын қамтамасыз етеді. Ыңғайлы болу үшін барлық модель қуаттандырғышпен бірге жеткізіледі.
Жоғары өнімділікпен қамтамасыз ету үшін Redmi Note смартфондарын жасауда алғаш рет 4-нм технологиясы пайдаланылды. Серияның жетекші моделі Redmi Note 13 Pro+ 5G MediaTek Dimensity 7200-Ultra чипсетімен, үлкен 5000 мАч аккумуляторымен жұмыс істейді. Бұл күні бойы жұмыс істеуге мүмкіндік береді және қуаты 120 Вт болатын осы саладағы жетекші HyperCharge технологиясын ұсынып, 19 минут ішінде сіздің Redmi Note-ыңызды 100%-ға дейін қуаттап береді.
Базалық модельдерге сыйымдылығы 5000 мАч5 болатын аккумулятор мен мықты чипсеттер қойылған.
Барлық параметрі жақсартылып, жаңартылған Redmi Note 13 сериясы Redmi Note сүйікті топтамамызды жаңа деңгейге шығарады. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі смартфон қолданушыларына флагман функцияларды қолжетімді бағаға сатып алып, сүйсіне қолдануға мүмкіндік береді.
Дәл осы іс-шарада Xiaomi сағаттар топтамасындағы Redmi Watch 4, Redmi Buds 5 Pro и Redmi Buds 5 үш қызық жаңалығын таныстырды.
Redmi Watch 4 көп функциялы сағаттары – шексіз экран, шетсіз функция.
Жаңа Redmi Watch 4 шаршы, ультра үлкен 1,97 дюймдік AMOLED дисплейімен жабдықталған, бұл смарт сағатты пайдалануды ыңғайлы етеді. Осы соңғы нұсқа да Redmi-дің шаршы пішін факторы бар ең үлкен смарт сағаты саналады, бір қарағанда толық шолуды қамтамасыз етеді. Redmi Watch 4-тің керемет дизайны алюминий қорытпасынан жасалған ортаңғы жақтауды қамтиды және пайдалануы оңай OTS тот баспайтын болаттан жасалған айналмалы басымен жабдықталған алғашқы Redmi смарт сағаты. Одан да ыңғайлы болуы үшін Redmi Watch 4 жаңа жылдам ауыстырылатын бау механизмімен жабдықталған.
Redmi Watch 4 жүрек соғысының жиілігін өлшеу және қандағы оттегіні бақылау дәлдігін жақсарту үшін жаңартылған 4 арналы PPG сенсорымен жабдықталған. Пайдаланушылар 150-ден астам спорт режимін таңдай алады, оның ішінде алты автоматты түрде танылатын әрекет түрі қарастырылған. Сонымен қатар, қолды көтеріп, түрту арқылы қоңырауларға жауап беруге мүмкіндік беретін Bluetooth® қоңырауын қамтиды. Сағат күміс сұр немесе Obsidian Black қара жиекпен және сәйкес баумен, сондай-ақ күлгін, қанық көгілдір немесе жалбыз жасыл баулармен шығарылған.
Redmi Buds 5 Pro көмегімен шуды басу жетілдірілген жүйесі және шынайы дыбыс
Redmi Buds 5 Pro кірістірілген иммерсивті аудио және шынайы дыбысқа жету үшін жаңа режимдер нәтижесінде тұнық дыбысты тыңдай алу мүмкіндігін ұсынады. Құлаққаптар да сымсыз құлаққап қосылуына арналған жетекші Bluetooth® кодекі мен LDAC істейді. Белсенді шуды басу (ANC) арқасында 52 дБ дейін Redmi Buds 5 Pro пайдаланушыларға әртүрлі орталарда тыңдауды ыңғайлы ету үшін режимдер арасында ақылды түрде ауысуға көмектесетін үш ANC режимін, бейімделген AI режимін және үш қосымша мөлдірлік режимін ұсынады.
Сондай-ақ, пайдаланушылар бес түрлі эквалайзер профилімен аудио тыңдау қалауын жекелендіре алады. Redmi Buds 5 Pro эргономикалық қабымен қолданғанда 10 сағатқа дейін үздіксіз тыңдауды және 38 сағатқа дейін үздіксіз пайдалануды мүмкін етеді. Redmi Buds 5 Pro қара, ақ және күлгін түстерде шығарылған.
Redmi Buds 5-пен дыбыс сапасы жақсартылған
Жетілдірілген дыбыс ұсыну үшін жасалған Redmi Buds 5-ке фондық шуды басудың кең ауқымын қамтитын үш режимі бар 46 дБ ANC қондырылған. Оған қоса, үш мөлдірлік режимі пайдаланушыларға қажет нәрсені көбірек, ал қажет емес нәрселерді азырақ естуге мүмкіндік береді. Redmi Buds 5 қуаттау қабымен қатар қолданған кезде 10 сағатқа дейін үздіксіз тыңдауды және 40 сағатқа дейін пайдалануды мүмкін етеді. Бұл құлаққаптар үш түсте қолжетімді: қара, ақ немесе көк. Қаптың беті күңгірт және жағымды жарық жолағы бар жылтыр сызық салынған.
Redmi Buds 5 сериясы смартфондардың әртүрлі смартфондармен үйлесімді Xiaomi Earbuds қолданбасын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл қолданба арқылы сіз жекелендірілген шу басу, қоршаған ортаға бейімделгіш интеллектуал шу басу, эквалайзерді өз қалауыңызша өзгерту, кірістірілген иммерсивті дыбыс және басқалары сияқты кеңейтілген мүмкіндіктерді пайдалана аласыз.
Қазақстандағы бағасы мен сатып алуға болатын жерлер:
— Redmi Note 13 Pro+ 5G қара, ақ, күлгін, түстерінде, екі түрлі жадымен шығарылады, бағасы 209 990 теңгеден басталады.
— Redmi Note 13 Pro-ның қара, жасыл, күлгін түстері, екі түрлі жадымен әкелінеді, бағасы 149 990 теңгеден басталады.
— Redmi Note 13 қара, жасыл, көк, алтын түстес болып, үш түрлі жадымен шығарылады, бағасы 109 990 теңгеден басталады.
— Redmi Watch 4 сұр, қара түсте, тиісті баулармен шығарылады, бағасы 49 990 теңгеден басталады.
— Redmi Buds 5 Pro қара, ақ, күлгін түстерде шығарылады, бағасы 34 990 теңгеден басталады.
— Redmi Buds 5 қара, ақ, аспан көк түстерде шығарылады, бағасы 19 990 теңгеден басталады.
Сату арналары: Xiaomi stores, Sulpak, Белый Ветер, Технодом, Мечта, Fora, DNS, Tele2.