2023 жылға дейін отандық тасымалдаушылар жылына 50 мың рейс орындаса, биыл бұл көрсеткіш 230 мыңға жетіп отыр.
Тауарларды тасымалдауға қытайлық рұқсат бланкілерін беруді одан әрі жеңілдету мақсатында биыл желтоқсан айынан бастап мұндай рұқсаттарды электронды түрде беру туралы Қытай тарапымен келісім жасалды.
Өтінімдер elicense.kz порталы арқылы автоматты түрде қабылданады, егер:
- шетелдік рұқсатты қолдану/қолданбау туралы рұқсат куәлігінің болса;
- шетелдік рұқсатты қолдану/қолданбау туралы автокөлік құралдарына рұқсат картасының болса;
- бюджетке алым сомасын төлеген жағдайда (бланк құны 1 АЕК).