Премьер-Министр Олжас Бектеновтың Шанхайға сапары аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы арасында Қазақстаннан ҚХР-на экспортталатын ірі қара малдың терісіне инспекциялық, карантиндік және ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы хаттамаға қол қойылды.
Ірі қара терісі Қытайға экспорты осындай келісімдермен реттелетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11-ші түріне айналады. Бұған дейін мұздатылған сиыр еті, қой еті, шошқа еті, бал, балық, сүт өнімдері, жүн шикізаты, асыл тұқымды және сойылатын жылқылар, сондай-ақ сойылған ірі қара малды экспорттауға хаттамаларға қол қойылған болатын.
Биыл шілдеде сойылатын тірі ірі қара малды экспорттауға қатысты осындай хаттамаға қол қойылды.
Құс шаруашылығы өнімдерінің, қосалқы өнімдердің, құрғақ бие сүтінің және басқа да тауарлардың экспортын кеңейту жоспарлануда.