2023 жылы көлемі 975,5 мың тоннаны құрады және 45% төмендеді. ҚР ҚМ МКК деректеріне сүйенсек, қазіргі мәні төрт жылдағы ең төмені болып тұр.
Қытай екінші жыл қатарынан Қазақстан арқылы ЕО-ға жөнелтуді азайтқан. Ал осыдан бірнеше жыл бұрын ғана көрсеткіші қарқынды түрде өсіп отырған еді. 2014 жылдан 2021 жылға дейін жыл сайын, орта есеппен, 195% қосты.
Бұған қарамастан, Қытай Қазақстанның логистикалық мүмкіндіктеріне деген қызығушылығын мүлдем жоғалтып алды деп айтуға болмайды. Тіпті, бәрі керісінше. Бір жылда ол жақтан келетін транзиттік жүктердің жалпы көлемі үштен бір есе, 12,6 млн тоннаға дейін өсті. Бұл ретте өсімнің негізгі бөлігі екі межелі елге тиесілі болды – Ресей мен Өзбекстан. Олар бірге 60%-ды құрады, яғни 7,5 млн тонна.
Жалпы, Қытай Қазақстанның кедендік статистикасында көрініс табатын транзиттік жүктерді жөнелтетін жалғыз ел емес. Алайда, қалғандарының барлығы біріккеннің өзінде көрсеткіштері әлдеқайда аз — 6 млн тонна.