2024 жылы Қытайдан басқа елдерге Қазақстан аумағы арқылы өткен жүктің жалпы салмағы кем дегенде 2013 жылдан бергі максимумға — 15,4 млн тоннаға жетті. Бірінші несие бюросының сарапшылары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтеріне сілтеме жасап, 2023 жылмен салыстырғанда өсім 22%-ды құрады деп жазады.
Сонымен қатар, сарапшылар бұл көрсеткіш үш жыл қатарынан екі таңбалы қарқынмен өсіп келе жатқанын, бірақ оң динамиканың біртіндеп әлсіреуін атап өтті: 2022 жылы ол 37%, 2023 жылы — 33% болды.
Соңғы 12 жылда көрсеткіш екі рет — 2015 және 2016 жылдары төмендеген.
Сарапшылардың айтуынша, Қытай жүк жөнелтуші ретінде Қазақстан арқылы тасымалданатын транзиттік жүктің негізгі бөлігін 72%-ын құркса, жүк қабылдаушы ретіндегі үлесі небәрі 2%.
Қытайдың Қазақстан арқылы нақты қандай жүк өтетінін айту қиын. Транзиттік жүктер нақты елдердің көрсеткіштерін көрсетпей-ақ тауар топтары арасында бөлінеді. Бұл ретте ірі тауар топтарына құрлық көлігі — 3,1 млн тонна, сондай-ақ электр машиналары мен жабдықтары — 1,2 млн тонна кіреді.
Қытай тауарларының 5,3 млн тоннасы (+60%) Өзбекстанға, 2,3 млн тоннасы (+134%) ЕО елдеріне жөнелтіледі. Ал Ресейге керісінше 14,7% азайып, 3,6 млн тонна болды.