2021 жылдың 9 айында жолаушылар тасымалы 81% көбейіп 6,9 млн болды, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Әуежайларда қызмет тұтынған адамдар саны 70% көбейіп 12,6 млн-ға жетті. Былтыр осы уақытта көрсеткіш 7,4 млн, алдыңғы жылы 12,3 млн болған еді.
Қазіргі таңда ішкі рейстер толықтай қайта ашылды. Атап айтқанда 57 бағытта аптасына 744 рейс бар.
Ал шетелдік бағыттар бойынша 23 елмен 63 бағытта аптасына 247 рейс ашылды. Атап айтқанда олар Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғыз, Египет, Ресей, Грузия, Тәжікстан, Польша, Нидерланды, Черногория, Армения, Ұлыбритания, Венгрия, Мальдив, Әзірбайжан, Катар, Шри-Ланка, Таиланд.
Ішкі бағыттар бойынша күніне орташа есеппен 106 қатынайды. Халықаралық бағытта күніне орташа есеппен 35 рейс ұшады.