Қазақстанда автокөліктерге арналған жаңа дөңгелектердің орташа құны 25%, пайдаланылған дөңгелектер құны 10% қымбаттады.
Шиналарды ауыстыру бағасы 12%-ға, қызметке сұраныс 50%-ға өсті. OLX сарапшылары осындай деректермен бөлісті.
Ескі дөңгелектердің орташа бағасы оларды ауыстыру маусымында 45 000 теңге болса, жаңалары 80 000 теңгеден сатылуда.
Ең қымбат баға Астанада, ең арзаны Ақтауда. Көбіне автокөлікке арналған бұл қосалқы бөлшек Алматы (24%), Астана (23%) және Қарағанды (елдегі іздеу сұрауларының жалпы санының 18%) қалаларында сатып алынады. Қызылордада сирек сатып алынады сұраулардың тек 1%-ы.
Зерттеуде күзгі-қысқы маусымда дөңгелек ауыстыру қызметінің орташа құны аймаққа байланысты 2500-ден 6000 теңгеге дейін болатыны айтылған. Бұл үшін ең көп алматылықтар төлейді – 6000 теңге, ең азы – Тараз мен Қызылорданың әрқайсысы 2500 теңгеден төлейді. Жалпы, бұл қызметтің бағасы бір жылда 12 пайызға қымбаттады.