Қыркүйекте үй күрт қымбаттады

2026 жылғы қыркүйекте Қазақстанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9% өсті. Қайталама нарықтағы пәтерлер 7,9%, ал абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы 16,7% қымбаттады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Ел бойынша жаңа тұрғын үйдің бір шаршы метрінің орташа бағасы 626 252 теңгеге жетті. Қайталама нарықтағы баспананың бағасы 638 533 теңге болды.

Тамыз айымен салыстырғанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы 0,1%, қайталама нарықтағы баспана 0,5% өсті. Жалға алу ақысы бір айда 2,5% қымбаттады.

2026 жылдың басынан бері, яғни 2025 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда, бастапқы нарықтағы тұрғын үй бағасы 6,8%, қайталама нарықтағы баспана 2,9% өсті. Осы кезеңде жалдау ақысы 10,4% қымбаттады.

Алматыда жаңа тұрғын үй бағасы 16,5%, Астанада жаңа пәтерлердің бағасы бір жылда 10,1% қымбаттады.

Астанада қайталама нарықтағы баспана бағасы 9,3% өсті. Алматыда бұл көрсеткіш 7,9%-ды.