Стоп-кредитті қосса да несие алына береді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігін беретін «Стоп-кредит» қызметінің бар екенін еске салады.

«Стоп-кредит» болған кезде қаржы ұйымы қарыз беруден бас тартуға міндетті.

Сонымен бірге, заңнамада «Стоп-Кредит» қолданылмайтын ерекше жағдайлар көзделген. Егер:

  • тұтынушылық қарыз сомасы тікелей тауарларды, жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді сатушының (өнім берушінің) банктік шотына аударылып, ал тауардың, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің алынғанын қарыз алушы растайтын болса (тауар кредиті);

  • банктік қарыз қарыз алушының сол банктегі басқа қарыз бойынша берешегін өтеу үшін берілсе (ішкі қайта қаржыландыру);

  • банктік қарыз төлем картасы бойынша 150 АЕК-тен (648 750 теңге) аспайтын мөлшерде белгіленген кредиттік лимит шеңберінде берілетін болса (тауарларға/көрсетілетін қызметтерге төлем жасау үшін жаңартылатын кредиттік лимит);

  • банктік қарыз ақшаны тиісті мақсатына қарай аудару арқылы тек салықтар, айыппұлдар немесе атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті төлеу үшін берілетін болса, банктік қарыздар үшін тыйым салу қолданылмайды.

«Стоп-кредит» болған кезде мыналар:

  • тауарлар, жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер үшін тікелей сатушыға (өнім берушіге) төлем жасау;

  • сол микроқаржы ұйымындағы берешекті қайта қаржыландыру;

  • салықтарды, айыппұлдарды және атқарушылық іс жүргізу бойынша берешекті өтеу үшін микрокредит беруге болады.

Ломбардтар беретін микрокредиттерге «Стоп-кредит» қолданылмайды.

Егер банктік қарыз (микрокредит) «Стоп-кредитті» бұзу арқылы берілсе, қаржы ұйымы несие берешегін есептен шығару, кредиттік тарихты түзету және қарыз алушыдан өндіріп алынған соманы қайтару жөніндегі заңда көзделген шараларды қабылдауға міндетті.

«Стоп-кредит» тетігі банк немесе микроқаржы ұйымы банктік қарыз (микрокредит) беру кезінде сақтауға міндетті болатын басқа талаптардың күшін жоймайды.