Қыркүйек айында 10 қалада қайталама нарықтағы пәтерлердің орташа бағасы көтерілді, деп хабарлайды Krisha.kz.
Күздің алғашқы айындағы ең жоғары өсім Алматы қаласында болды: +1,9%. Шаршы метрі орташа есеппен 671,3 мың теңге.
Семейде (353,8 мың) және Астанада (481,6 мың) ұсыныс бағасы тиісінше 1,3 және 1,2%-ға өсті.
Жеті қалада динамика 1%-дан төмен:
— Ақтөбе: +0,9%, 1 шаршы метрге 277,1 мың теңге. м;
— Орал: +0,8%, 306,5 мың;
— Шымкент: +0,4%, 421,5 мың;
— Тараз: +0,2%, 296,3 мың;
— Павлодар: +0,2%, 362,5 мың;
— Көкшетау: +0,1%, 322,3 мың;
— Ақтау: +0,1%, 294,4 мың
Үш қалада баға өзгерген жоқ: Өскемен, Талдықорған, Қарағанды – тамыз айындағы деңгейде қалды.
Бағаның 0,1-1,3%-ға төмендеуі Қызылорда, Атырау, Қостанай, Петропавл қалаларында тіркелді.
Қаңтардан бастап орташа республикалық баға 8 пайызға өсті. Ең жоғары Семей (+18%), Ақтөбе (+14,8%), Павлодар (+10,5%) қалаларында. Астана мен Алматыда: тиісінше +7,3 және 7,2%.
2021 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда Қазақстан Республикасындағы орташа баға 21%-ға өсті. Ең көп өсім Ақтөбе (+30,5%), Семей (+28,3%), Павлодар (+26,3%) қалаларында болды. Астанада қайталама баспана орташа алғанда 21,6%-ға, Алматыда 25%-ға қымбаттады.