Тұтыну бағаларының индексі 2023 жылғы қыркүйекте баяулап, 0,6% болды (биыл тамызда – 0,7%). Ақылы қызметтер – 0,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы – 0,6%, азық-түлік тауарлары 0,3% қымбаттады.
Инфляцияның өсуіне білім беру қызметтері қомақты үлес қосты. Кәсіптік орта білім беру – 11,3%, жоғары білім беру – 10,8%, орта білім беру 6,3% қымбаттады. Баға мектеп оқушыларына арналған спорт секцияларындағы сабақтар – 3,2%, таксимен жол жүру – 2,6%, тұрғын үйді жалға алу 2,3% өсті.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында бір айдың ішінде баға айтарлықтай тас көмірге 3%, ағаш отынына 2,5% өсті. АИ-95/96 маркалы бензин – 2,7%, АИ-98 1,8% қымбаттады. Жиһаз және үйге қажетті заттардың бағасы – 2%, ноутбук – 1,5%, киім және аяқ-киім 1,2% өсті.
Азық-түлік тауарлары арасында баға бір айда күріш – 3,2%, жұмыртқа – 2,9%, жаңа ауланған балық, тұздалмаған сары май – 2,1%-дан, минералды және ауыз су 1,5%, жаңа піскен жемістер 1,1% өсті. Бір айдың ішінде, керісінше, картоп 10,3%, жаңа піскен көгөніс 2,3%, күнбағыс майы 2%, жарма 1,5%, құмшекер 1,3% арзандады.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қарағанды облысында – 1,1% (орташа республикалық деңгейден 0,5 п.т. жоғары), ең төменгі – Алматы облысында 100% баға индексін құрады.
Өңірлер бойынша ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Алматы қаласында – 0,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – Жетісу облысында 1,4%, ақылы қызметтер – Қарағанды облысында 2,1% өсті.
2023 жылғы қыркүйекте жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,8% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 11,4%, ақылы қызметтер – 11,9%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 12,1% өсті.
2022 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда қырыққабат 74,3%, күріш – 41,3%, жүзім – 37,9%, консервіленген сүт 26,4% қымбаттады. Парацетамол бағасы – 62,7%, күндізгі стационарлық емдеу қызметінің тарифі – 40,1%, қоқыс шығару 34,9% өсті. Керісінше, жылдық мәнде смартфондар – 24,6%, қарақұмық жармасы – 18,3%, құмшекер – 18,1%, күнбағыс майы 14,8% арзандады.