Қор нарығын капиталдандыру 2023 жылғы қыркүйек айында 2,2 трлн теңгеге немесе 5,7% ұлғайып, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 40,7 трлн теңгені құрады (2023 жылдың басынан бастап – 14,4% өсті).

Акциялар нарығын капиталдандыру негізінен индекстік компаниялар акциялары бағасының өсуі есебінен 6,6% немесе 1,7 трлн теңгеге 27,0 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бастап – 27,4% өсті).

KASE индексі 2023 жылғы қыркүйекте 4 103,8 тармаққа дейін 6,1% өсті (2023 жылдың басынан бастап – 26,2% өсті). 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда тізімдерінде 84 эмитенттің 98 түрлі  акциясы болды.

Биыл қыркүйекте акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі есебінен бір айда 91,1% немесе 29,1 млрд теңгеге ұлғайып, 61,0 млрд теңгені құрады.

Корпоративтік облигациялар нарығы 2023 жылғы  қыркүйекте 3,9% немесе 522,6 млрд теңгеге 13,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бастап – 4,7% төмендеді).

Биыл қыркүйек айында корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 441,0 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылғы алдыңғы аймен салыстырғанда 5 есе немесе 352,7 млрд теңгеге артық.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 92 эмитенттің корпоративтік облигацияларының  378 шығарылымы болды.

2023 жылғы қыркүйекте KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі 3,7 есе немесе 380,9 млрд теңгеге 522,6 млрд теңгеге дейін  ұлғайды.

«KASE Global» секторында 45 түрлі акция және  шетелдік эмитенттің 14 ETF акциялары болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі бір айда 64,3%-ға немесе 4,9 млрд теңгеге  азайып, 2023 жылғы қыркүйекте 2,7 млрд теңгені құрады.

KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2023 жылғы қыркүйекте 1,0% немесе 245,0 млрд теңгеге ұлғайып, 25,5 трлн теңгені құрады.

2023 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 4,9% немесе 22,1 млрд теңгеге ұлғайып, 473,3 млрд теңгені құрады. Мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 29,1% немесе 70,9 млрд теңгеге азайып, 172,7 млрд теңгені құрады.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ұжымдық инвестициялар нарығында 49 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 25 аралық, 23 жабық және 1 ашық пай қоры.

Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер негізінен  ҚР эмитенттерінің (5,0 млрд теңгеге немесе 2,6%) және шетелдік эмитенттердің (0,8 млрд теңгеге немесе 2,3%) мемлекеттік емес бағалы қағаздар портфелінің өсуі есебінен биыл қыркүйекте 10,0 млрд теңгеге немесе 3,5% ұлғайып, 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 299,8 млрд  теңгені құрады.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі 259,9 млрд теңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің 86,7%-ын құрады.

Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 39 брокер мен дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 10 кастодиан банк, 21 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 3 инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді.

2023 жылғы қыркүйекте Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттар саны 3,6%-ға ұлғайып, 2 198 мың шотты  құрады, оның ішінде:

  • депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 3,9 мыңға немесе 0,6%-ға дейін азайып, 683 мың қосалқы шотты құрады  (2023 жылдың басынан бастап 133 мыңға немесе 24,1% өсті);
  • брокерлер ашқан және біріктірілген омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттар саны 80 мыңға немесе 5,6% ұлғайып,  1 515 мың шотты құрады (2023 жылдың басынан бастап 1 102 мыңға немесе 3,7 есеге өсу).

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері негізінен басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың ұлғаюы нәтижесінде ағымдағы жылғы қыркүйекте 2,0% ұлғайып, 2023 жылғы 1 қазанда 747,3 млрд теңгені құрады (2023 жылдың басынан бастап 29,1% өсті). 2023 жылғы қыркүйекте міндеттемелер 0,1%, 284,7 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бері 64,2% өсті). Меншікті капитал 3,2%, 462,6 млрд теңгеге дейін ұлғайды (2023 жылдың басынан бастап 14,0% өсті).