Құрылыс заттары мен электронды заттар бағасы тексеріліп жатыр

Қабылданған реформа аясында кәсіпкерлікке бармай-ақ тексерулер қарастырылған.

Сауда және интеграция министрлігі құрылған алғашқы күннен бастап ішкі нарықта "сұр" сертификаттарды болдырмау науқаны жүргізілуде. Өткен жылдан бастап мемлекеттік бақылау жүйесі толық қайта қаралды және отандық, сол сияқты әкелінетін өнімнің толық бақылау циклі үшін ақпараттық жүйе әзірленді. Ал мемлекеттік бақылау өндірушінің/сатушының бақылауынан өнімнің өзін бақылауға қайта бағытталған.

Министр айтып өткендей, "бұзушылықтар анықталған жағдайда, үлгілерді іріктеу нормасы енгізілді, ал тәуелсіз зертханалық зерттеулер нәтижелерінен кейін өнімді алу немесе жою түрінде жедел әрекет ету шаралары қабылдануда".

Сондай-ақ, қабылданған реформа аясында кәсіпкерлікке бармай-ақ тексерулер қарастырылған. Қазір жан-жақты талдау жүргізу арқылы жаңа модель бойынша ауқымды тексерулер дизель отыны, автохимия, құрылыс материалдары, электротехника өткізу нарықтарында ауқымды тексерулер өткізілуде.

Техникалық реттеу комитеті ақпараттық жүйелерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған мәліметтер немесе жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде тексеруді бастауға құқылы.

Өнімнің сапасын арттырудағы қоғамдық ұйымдардың рөлін күшейту туралы айта отырып, министр адал ниетті салалық қауымдастықтар бұған тікелей қатысатын мысалдар келтірді.

Мәселен, шекарадағы рейдтерден кейін цемент қауымдастығымен бірлесіп, сертификаттау органдарының "сұр" сертификаттарды беру фактілері анықталды.

"Нарықтағы фальсификатты жою өндірістің өсуіне әсер етті", - деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.

Биыл цемент қауымдастығының ақпараты бойынша, сала тарихи рекордқа қол жеткізді - 10 айда 11 млн тоннадан астам өнім өндірілді.

Осыған ұқсас мысалды Министр автохимия жөнінде де келтірді, салалық қауымдастықтың өтініші бойынша Министрлік мемлекеттік бақылау жүргізді және сапасыз салқындатқыш сұйықтықты сату фактілері анықталды, соның нәтижесінде 6 млн.теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Бақыт Сұлтанов атап өткендей, аккредиттеу, сертификаттау, стандарттау және бақылау саласындағы заңнаманы уақтылы жетілдіру адал бизнесті қалыптастыру және салауатты бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасады.

Ведомство басшысы сөзінің соңында салалық қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктерді дербес мониторингті пайдалана отырып, сапа үшін заңды күрестің белсенді "провайдерлері" болуға шақырды.