2020 жылғы маусымда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыстағы баға 0,4%, құрылыс-монтаж жұмыстарына 1,2% төмендеді, машиналар мен жабдықтарға – 1,4%, өзге де жұмыстар мен шығындарға 0,8% өсті, деп хабарлайды Статистика агенттігі.
Ағымдағы жылғы маусымда өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда құрылыс ұйымдары сатып алған материалдар, бөлшектер және конструкциялар бағасының индексі 99,9% құрады.
Асфальттан немесе осыған ұқсас материалдардан жасалған шатырлық немесе қаптамалық бұйымдардың бағасы 2,2%, мұнай және тақтатас битумы, керамзиттік малтатас – 0,8%-дан, қиыршық тас, малта тас және шақпақ тас, құрылыстық малта тас – 0,5%-дан, лактар – 0,4%, ғаныш 0,2% арзандады.
Әк – 4,5%, жиналмалы құрылыс металл конструкциялар – 3,3%, силикат және қож кірпіш – 3,2%, бояулар мен эмальдар – 2,5%, ғанышкартон – 2%, құрылыс ерітінділері – 1,7%, пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдард, линолеум және икемділік еден жабындар, тауарлық бетон – 0,8%-дан, табиғы құм – 0,5%, шыны және шыныдан жасалған бұйымдар 0,3% қымбаттады.