Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-наурызда 2019 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 98,2% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2021 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2101,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 9,6% кем.
2021 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 8097 млрд. теңгені құрды, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 0,1% артық. Өсім өңдеу өнеркәсібінде (7,5%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (4,9%), сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте (8,6%) байқалады. Төмендеу кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда (6,9%) тіркелген.
2021 жылғы қаңтар-наурызда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 591,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 2,8% артық.
2021 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 514,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 13,1% артық.
2021 жылғы қаңтар-наурызда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 82,6% құрады.
2021 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының көлемі 133 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2021 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 3,3% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 19,2 млрд. ж-км құрап, 70,6% кеміді.
2021 жылғы қаңтар-наурыззда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлемі индексі 109,9% құрады.
2021 жылғы қаңтар-наурыздағы «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 97,3% құрады.
2021 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 2523,6 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 98,8% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 5139,1 млрд. теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 99,5% құрады (салыстырмалы бағада).
2021 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 11830,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 17,1% (номиналды көріністе) азайды, оның ішінде экспорт – 7081,8 млн. АҚШ долларын (24,8% аз, номиналды көріністе), импорт – 4748,7 млн. АҚШ долларын құрады (2,1% аз, номиналды көріністе).
2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 463854 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 455251бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 337111 құрады, оның ішінде 328730 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2021 жылғы наурызда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,9% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 3%, азық-түлік емес тауарларға – 1,5%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 0,9%өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2021 жылғы наурызда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 15,1% өсті.
2021 жылғы ақпанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 122392 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2020 жылғы ақпанға қарағанда 11% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,4% артты.
2021 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 224715 теңгені құрады.
ХЕҰ әдістемесі бойынша анықталған жұмыссыздар саны 2020 жылғы IV тоқсанда 453 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2021 жылғы наурыздың соңына 197,8 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,2%.