Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-тамызда 2019 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 97,1% құрады, деп хабарлайды Статистика агенттігі.

Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2020 жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 7041,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 6,1% кем.

2020 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 16868,1 млрд. теңгені құрды, бұл 2019 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 0,4% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 1,5% кеміді, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс - 3,3%, электрмен жабдықтау, газ, бу, ыствқ су беру және ауа баптауда – 1,9% артты. Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте өндіріс көлемі 2,4% кеміді.

2020 жылғы қаңтар-тамызда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 2418,9 млрд. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 4,9% артты.

2020 жылғы қаңтар-тамызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 2375,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 6,5% артық.

2020 жылғы қаңтар-тамызда «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 83,9% құрады.

2020 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының көлемі 376,5 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2019 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 4,1% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 85,6 млрд. ж-км құрап, 55,8% кеміді.

2020 жылғы қаңтар-тамызда «Байланыс статистикасы» саласы бойынша нақты көлемі индексі 108,3% құрады.

2020 жылғы қаңтар-тамызда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 89,5%-ды құрады.

2020 жылғы қаңтар-тамыздағы бөлшек сауда көлемі 6808,8 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 90,5% құрады (салыстырмалы бағада).

2020 жылғы қаңтар-тамыздағы көтерме сауда көлемі 14083,7 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 90% құрады (салыстырмалы бағада).

2020 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 48747,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,7% азайды, соның ішінде экспорт – 28630,8 млн. АҚШ долларын (13,3% аз), импорт – 20116,4 млн. АҚШ долларын құрады (6,5% аз).

2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 456697 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 448046 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 320320 құрады, оның ішінде 311961 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).

Тұтыну бағасының индексі 2020 жылғы тамызда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,6% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 7,3%, азық-түлік емес тауарларға – 3,4%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 2% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2020 жылғы тамызда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 6,9% төмендеді.