Жыл басынан бергі 9 айда Қазақстанда 17,2 мың заңды тұлға жабылды. Бұл өткен жылғы осы уақыттағыдан 35,5% көп.

Статистика бюросының мәліметінше, тоғыз айда сауда және көлік жөндеу саласындағы кәсіпорындардың 6 мыңы жабылып қалған. Бұл саладағы жабылған компаниялар саны 36% өсті.

Ал құрылыс саласындағы компаниялардың жабылу көрсеткіші 43% (2178 компания жабылды), кәсіби және ғылым техникалық қызметтегі компаниялардың жабылуы 35,8% ұлғайып 1138-д құрады.

Өңдеу өнеркәсібі 33,5% (793 компания жабылды), қаржы және сақтандыру 57,3% (664 компания жабылды).

Көлік және қоймалау саласындағы компаниялардың жойылу деңгейі 50,8% өсіп, жабылған компаниялар саны 662 болды.

Ауыл, орман және балық шаруашылығындағы компаниялар саны 641-ге кеміп, былтырғы көрсеткіштен 21,4% көбейді.

Әкімшілік және қосалқы қызметтермен айналысушылар саны 598-ге азайып, былтырғы көрсеткіштен 53,7% көп болды.

Ақпарат және байланыс компаниялары 451-ге азайып, көрсеткіш былтығыдан 57,1% ұлғайды.

Қонақүй және тамақтану қызметімен айналысушылар саны 291-ге азайып, былтырғы көрсеткіштен 87,7% көп болды.

Білім саласындағылар 437-ге азайды. Бұл былтырғы қарқыннан 22,8% көп.

Өнер және сауық саласындағылар 236-ға азайды, былтырғыдан 39,6% көп.

Жалпы, негізгі 19 сегменттің 17-cінде компаниялардың жабылу көрсеткіші көбейген.

Компаниялардың жабылу көрсеткіші бәсеңдеген салалар жылжымайтын мүлікпен операциялар және мемлекеттік басқару.