Статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар-наурыз аралығында Қазақстан бойынша 2,6 млн шаршы метр үй салынды. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 3,6 пайыз аз.
Өңірлер бойынша Шымкент қаласында (-75.7%), БҚО (-42.5%) және и Атырау облысында (-33.4%) айтарлықтай азайған. Түркістан облысында 23.5%, Маңғыстау облысында 5.3% төмендеген.
Есесіне Алматы облысында (+20.9%), Жамбыл облысында (+20.6%) және Нұр-Сұлтан қаласында (+8.8%) көбейген. Қарағанды облысына 7%, Павлодар облысында 5.8%, Қостанай облысында 5.4%, Ақмола облысында 3.7%, Ақтөбе облысында 3.6%, Қызылорда облысында 3.4% , Алматы қаласындағ 2.1 %, СҚО-да 1.5%, ШҚО-да 1.4% өскен.
Баспана саудасына келер болсақ, 2020 жылдың наурыз айында үй саудасы 6,3 пайыз азайды. Сәуір айында да кері динамика жалғасты. Карантин уақытына байланысты сауданың тоқтағаны белгілі. Алайда, соның өзінде былтырғы осы уақытпен салыстырғанда биыл сауда жоғары.
Ал бағасына келер болсақ, оң динамика әлі сақталуда. Айына кемі 1-2 пайыз өсім көрсетіп отыр. Ал былтырғымен салыстырғанда қымбатшылық 10 пайыздан асып кетеді. Егер карантин аяқталғаннан кейін сауда қайта жанданса, биылғы жылжымайтын мүлік бағасы бұрынғыдан бетер қымбаттауы мүмкін деген қауіп бар. Оған жоғарыда аталғандай құрылыстың азаюы да әсер ететіні анық.
Биыл құрылыстың орташа құны 112 мың шаршы метр. Соның ішінде құрылыс компанияларының қойған бағасы 142.2 мың теңге.
Жалпы, биыл құрылысқа 282,9 млрд теңге бөлінген. Бұл былтырғы бірінші тоқсандағыдан 16,3 пайыз артық.