Жыл санап қазақстандықтар үшін инвестиция құралдары көбейіп келеді. Бұрын халық тек депозитті білетін болса, қазір тьүрлі баламалы құралдар пайда болды. Екінші деңгейлі банктерден бөлек қазір қор нарығындағы брокерлер де өз қызметтерін ұсынуда.

Нәтижесінде қазақстандықтар инвестицияның бұл түрін жаппай игеріп жатыр. 2021 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша ҚР құнды қағаздарының рталық депозитарийінде жеке тұлғалардың атындағы 196,6 мың есепшот бар. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 52,1% өскен. Демек, халықтың 2,2%-ы қор нарығына инвестициялайды деген сөз.

Қор нарығындағы танымал қызметтердің бірі инвестициялық пай қорлары. Мұнда халық ұжымдық инвестиция жасайды. Бұл қызметті көрсетуші ірі компаниялар қатарында Halyk Finance, BCC Invest, Jusan Invest, Фридом Финанс секілділер бар.

1 қыркүйекке таман мұндай қорлардың активы жыл басынан бері 38,9% өсіп 124,9 млрд теңгеге жетті.