«АЛМЭКС» холдингтік тобы» АҚ Қаржылық есептілік депозитарийінің сайтында акционерлер құрылымындағы өзгерістерді жариялады.
«АЛМЭКС» холдингінің акционері бұдан былай Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева емес, «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген Almex Holding Limited. Бірақ бұл компанияның акционері бәрібір Құлыбаевтардың өздері. Олар 2025 жылдың қыркүйегінде аталған компанияны АХҚО-да құрған.
Almex Holding Limited директоры болып Жомарт Нұрабаев тағайындалған, ол сондай-ақ «АЛМЭКС» холдингтік тобы» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарады. Ал
Almex Holding Limited CEO-сы болып Жантас Абдуллов тағайындалды, ол «АЛМЭКС» холдингтік тобы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
Осылайша, Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаева енді Halyk Bank-ке АХҚО юрисдикциясында тіркелген құрылым арқылы ие.
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «АЛМЭКС» Halyk Bank-тің 61,99% акциясына ие.