ARQA Technologies жасаған QUIK бағдарламалық кешені AIX-пен биржалық өзек ретінде пайдаланылатын NASDAQ сауда-саттық платформасымен ойдағыдай ықпалдастырылды. Мұндай ықпалдастыру AIX саудаларына қатысушыларға мәмілелер жасау үшін десктоптық, веб- және мобильді нұсқаларында қолжетімді QUIK клиенттік сауда-саттық терминалдарын пайдалануға, сондай-ақ өз клиенттеріне сауда-саттыққа қол жеткізуді ұсынуға мүмкіндік береді, бұл – Қазақстан мен Орталық Азияның қаржы нарығында олар үшін жаңа инвестициялық мүмкіншіліктерге жол ашады.
"Біз өз клиенттеріміз үшін инвестициялық шешімдердің барынша кең ауқымына арналған тағы бір құралды қуана отырып ұсынамыз және Қазақстанның капитал нарықтарына инвесторлар тартуда ARQA Technologies-пен ынтымақтастығымыз жемісті болады деп үміттенеміз", дейді AIX қаржы нарықтарын дамыту жөніндегі басшысы Тимур Абушкин.
ARQA Technologies бизнесті дамыту жөніндегі директоры Владимир Курляндчиктің айтуынша, бүгінгі таңда QUIK платформасы әлемнің барлық негізгі сауда-саттық алаңдарында қаржы ұйымдарының саудалық қол жеткізуін ұйымдастыру жөніндегі міндетті шешуге мүмкіндік береді.
"Біз Astana International Exchange-ге тікелей қол жеткізуге арналған QUIK сауда-саттық интерфейсінің әзірленгені туралы қуана отырып жариялаймыз, бұл – QUIK платформасының ағымдағы және келешек пайдаланушылары мен олардың ақырғы клиенттерінің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. NASDAQ биржалық өзегін қоса алғанда әртүрлі биржалық платформалармен жұмыс жасау жөніндегі біздің компаниямыздың сараптамасы мен AIX командасы көрсеткен жоғары деңгейдегі қолдаудың арқасында, бұл сауда-саттық интерфейсін әзірлеу және сертификаттау бірнеше айдың ішінде ойдағыдай аяқталды", дейді директор.
Айта кетейік, AIX биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ - AIX акционерлері болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады.